Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы митинг қайғылы жағдаймен аяқталды: Жол жабылғанына наразы болған ер адам төбелесте қаза тапты

Алматыда ер адам қаланың тығыздалған құрылысына қарсы наразылық акциясына шығамын деп адам өлтіріп қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Короленко көшесінде (Гагарин даңғылының қиылысы) орналасқан бес қабатты үйдің тұрғындары Terra тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен ұзақ уақыттан бері дауласып келген. Олар Terra тұрғын үй кешенінің тұрғындарына тиесілі қонақтарға арналған паркингті беруді талап етіп отыр, себебі олардың үйінің жанында жаңа тұрғын үй кешені салынғаннан кейін автотұраққа орын болмай қалған.

Өткен сенбіде наразы топ рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырып, Гагарин даңғылын жауып тастады, салдарынан үй тұрғындарының бірі адамдар бөгеп тастаған жолмен жүрмек болған көлік жүргізушісін соққыға жықты.

Төбелес кезінде ер адам асфальтқа баспен құлап, көз жұмған.

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 11 маусымда бір топ азамат Гагарин көшесінің көлік жүретін бөлігін жауып тастаған.

“Жолды жауып, көлік қозғалысына кедергі келтірдіңдер” деген 48 жастағы К. есімді автокөліктердің бірінің жүргізушісі рұқсат етілмеген акцияға қатысушылардың бірі 1980 жылы туған М. есімді азаматпен қақтығысып қалған. Ақырында М. оған дене жарақатын салып, жәбірленуші кейіннен қайтыс болды”, – делінген хабарламада.

Рұқсат етілмеген акцияны Короленко көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары ұйымдастырғаны анықталды. Олар "2019 жылдан бері жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысына байланысты көліктер көбейіп кетті" дегенді желеу етіп, аулаларын жол жиегінен қоршауды талап еткен.

"Бұған дейін бұл үй тұрғындарының өтініші бойынша жолдың төрт жерінде жылдамдықты шектейтін кедергілер төселіп, Гагарин және Радостовца көшелеріне екі шлагбаум орнатылған болатын. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр", - деп қосты полициядағылар.

Ал М. есімді азаматтың іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі "абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қаралып жатыр. 

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Күдікті 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

Талқылау