Алматыда автобус жүргізушісі жағымсыз иісі үшін егде жастағы әйелді көліктен түсіріп тастаған (видео)
Видеодан скрин
Алматыда автобус жүргізушісі жағымсыз иісі үшін егде жастағы әйелді көліктен түсіріп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға қаладағы №118 бағыттағы автобуста болған. Оқиға куәгерінің айтуынша, автобустың ішінде кенеттен жағымсыз иіс шыға бастаған.
“Бір сәтте автобустың ішінде қатты зәрдің иісі сезіле бастады. Алғашында мән бермедім, иіс сырттан кіріп жатыр деп ойладым. Алайда біраз уақыттан кейін басқа жолаушылар да иіске шағымдана бастады. Жағымсыз иістің бір әжейден шығып жатқаны анықталды”, – деп жазды желі қолданушысы.
Автобус жүргізушісі жолаушылардың шағымдары мен өтінішін ескере отырып, әжейді аялдамалардың бірінде түсіріп кетуге мәжбүр болған.
Бағытқа жауапты автопарк өкілдері автобус жүргізушісінің әрекетіне қатысты түсініктеме берді.
"Жолаушылар тасымалы ережелерінің белгіленген нормаларына сәйкес, егер жолаушының салонда болуы айналасындағыларға айқын қолайсыздық туғызса немесе санитарлық талаптарды бұзса, жүргізуші мұндай жағдайға әрекет етуге міндетті. Аталған оқиғада да жолаушылардан бірнеше рет шағым түскеннен кейін осындай шешім қабылданды. Жүргізуші сыпайы әрі дұрыс әрекет етті, жүргізуші тарапынан ешқандай заңбұзушылық болған жоқ", – деп жауап берді автопарк өкілдері.
Желі қолданушыларының бір бөлігі жүргізушінің әрекетін дұрыс деп бағаласа, енді бірі қарияның жасын ескеріп, түсініктік таныту қажет еді деген пікірде.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"