Алматыдағы атыс: Полиция 8 сағаттан бері күдіктіні үйінен шығара алмай жатыр
Полиция "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінде болып жатқан оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күзетшіге оқ атып, үйіне қамалып алған ер адамды полиция 8 сағаттан бері сыртқа шығара алмай жатыр.
"Қазіргі уақытта өзін пәтерге қамап қойған күдіктімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қарулы адам диалогқа барудан бас тартады. Сонымен бірге ол баспалдақ бағытында 10-нан астам оқ атқан", - деп хабарлайды полиция басқармасы.
Үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Полиция азаматтарды сабырға шақырады.
Жәбірленуші жансақтау бөлімінде, оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.
Құқық бұзушыны ұстау және залалсыздандыру бойынша арнайы операция жалғасуда.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда Бұқар Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінің күзетшісі жарақат алды. Белгісіз адам оған аңшы мылтығымен оқ атқаны туралы хабарлаған едік.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"