Алматыда белгісіз ер адам күзетшіге оқ атты
Алматыда Бұқар Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінің күзетшісі жарақат алды. Белгісіз адам оған аңшы мылтығымен оқ атқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғадан кейінгі кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды. Видеода полиция қызметкерлері күзет бекетінің жанында жүр. Ал оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кеткен.
"Тұрғынүй күзетшісі мен белгісіз ер адам арасында туындаған жанжал туындаған. Нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен оқ атып күзетші аяғынан жарақат алды. Ол ауруханаға жатқызылды", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция күштері тартылып, күдіктіні ұстау шаралары жүргізілуде.
Қазақстанда жалдамалы пәтер бағалары шарықтады: Маман оған не себеп болғанын айтты
Екі бөлмелі пәтерлердің орташа жалдау ақысы 19 қалада көбейді
Елдегі жалғыз ұлттық мектеп оқу жылын директорсыз бастады: Ұжым білім ордасында мәселенің шешілмей жатқанына наразы
“Абай ұлттық мектебі” – елде ұлттық дәрежесін алған жалғыз білім ордасы