Алматыда тағы бір коронавирус жағдайы тіркелді
13:30-дағы уақыт бойынша коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыда коронавирустық инфекцияның тағы бір оқиғасы тіркелді.
"Ол 1992 жылы туған қыз. Ол 15 наурыз күні Стамбул-Алматы рейсімен келген жұқтырған науқаспен тығыз байланыста болды. Қыз ауруханада карантинге жатқызылды. Оның денсаулығы қанағаттанарлық", - деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип.
Бүгінгі күні республикада коронавирустың 57 жағдайы расталды, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 31, Алматыда - 23, Қарағандыда - 2, Алматы облысында - 1 жағдай.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі