Алматыда сот "Oyan, Qazaqstan!" саяси қозғалысының белсенділерін қамауға алды
Алматының әкімшілік соты "Oyan, Qazaqstan!" саяси қозғалысының өкілдері – тағы үш белсендіні қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы соты "Oyan, Qazaqstan!" қозғалысының белсенділері Ақмарал Жәкібаева, Темірлан Еңсебек және Айсұлтан Құдайбергенді 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.
Бір күн бұрын Алматыдағы Республика алаңы маңында белсенділер пикет өткізген. Осылайша, олар бұған дейін 15 тәулікке қамауға алынған "Oyan, Qazaqstan!" қозғалысының қатысушылары Бота Шәріпжан, Равқат Мұхтаров пен Жанель Шаханды қолдайтындықтарын білдіргісі келген.
- "Бейбіт шеруге тыйым салынбайды": Тоқаев Қазақстанда биліктің әрекетіне келіспеушілік білдіруге толық мүмкіндік бар екенін айтты
- Қазақстанда саяси қудалаудың белгілері жоқ – Тоқаев
Еске салайық,16 желтоқсанда Тәуелсіздік монументі жанына Oyan, Qazaqstan белсенділері шығып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасына, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына құрмет акциясын өткізген.
Қазақстанда қарыз алушы қайтыс болса, оның банктегі несиесін кім өтейді?
Мұрагерлер қандай жағдайда қарызды өтеуге міндетті және ипотекадағы пәтердің тағдыры қалай шешіледі
Бензин құйғаннан кейін көлігі бұзылған қазақстандық шығынға батса да, өтемақы ала алмады
Сапасыз бензиннен көлік бұзылса, шығынды кім өтейді?