Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы дүкенге шығып кеткен: Алматыда 3 және 5 жастағы балалар терезеден құлап мерт болды

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен екі бала құлап, мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көршілерінің айтуынша, қайғылы оқиға сәбилердің анасы дүкенге шығып кеткен уақытта орын алған. Бұл уақытта екі қызы үйде қалған. Балалар үйдің терезесінен құлап кетіп, өлім құшқан. Үлкен қызының жасы 5-те ал кішісі небәрі 3 жаста болған.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтты.

"Наурызбай ауданында 3 пен 5 жастағы балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым болған оқиға. Полиция департаментіне мән-жайды анықтап, объективті тергеу жүргізу тапсырылды. Жағдайды жеке бақылауыма алдым", – деп жазды ол Twitter әлеуметтік парақшасында.

Қайғылы жағдай Наурызбай ауданы "Шұғыла" ықшамауданындағы "Премьера" тұрғын үй кешенінде орналасқан 14 қабатты үйде болды.

Талқылау