Алматыда ер адамды аңшылық қарудан атып кетті
Алматыда кісі өлтірді деген күдікпен ер адам тұтқындалды. Ер адамнан аңшылық қару тәркіленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Аса ауыр қылмыс бүгін таңертең Бостандық ауданында болды. "102" пультіне 8:59-да хабар келіп түсті. 1975 жылы туған Ш. есімді азаматты аңшылық қарудан атып өлтірген", – делінген полиция департаменті ұсынған ақпаратта.
Полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов қылмысқа қатысы бар күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
"Күдікті Алматыдағы Алатау ауданында арнайы жоспар нәтижесінде тұтқындалды. Қылмыс жасалған қару тәркіленді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деді Таймерденов.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"