Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда кафелер мен ойын-сауық орталықтарының жұмысына неге рұқсат берді? Бекшин түсіндірді

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин өткен брифинг барысында қалада сауда орталықтары мен базарлар және басқа да тамақтану нысандарды ашуға не үшін рұқсат етілгенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Біз осыған дейін қолданған барлық іс-шараларды талдадық. Енгізілген іс-шараларды эпидемиологиялық бағалаудың халықаралық практикасын қолданамыз. Апта сайын талдаймыз. Егер сауда орталықтары мен базарлар ды алсақ, олар жабық. Бірақ вирус жұқтырғандар азайған жоқ. Бұл қалай? Екі апта өтті, ауру азайған жоқ. Содан кейін біз шағын бизнес объектілеріне шықтық: үй жанындағы дүкендер көше бойындағы сауда үйіне бардық. Қазір біз олар бойынша мониторингтік топтардың түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін көріп отырмыз. Яғни, бұл шара нәтиже бермеді. Тиімсіз болса, неге бұл шараны қолдануымыз керек? 

Тұрғындар қай күні сауда орталықтарына барады? Сенбі және жексенбі. Кәдімгі күндерде адамдар қандай да бір сатып алу үшін мақсатты түрде барады. Ол күндері адамдар көп шоғырланбайды. Ал СОО басшылары, керісінше, барлық шараларды дұрыс жүргізе алады. Біз осы іс-шара арқылы үй жанындағы дүкендердегі адамдар санын азайтып,  сонымен бірге СОО-ның жұмыс істеуіне көмектесетінін көреміз. Бұл біздің негізгі профилактикалық мақсатымыз. Нәтиже бермейтін карантиндік шектеулерден құтылуымыз керек немесе басқа форматта ұсынуымыз керек", - деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, қазір саябақтарда және жаяу жүргіншілер көшелерінде адамдардың жаппай жиналуы байқалады.

"Қазір инфекцияның екпіні сол жерге ауысты. Бүгін біз бұл мәселені аудан әкімдерімен, аудандық полиция қызметкерлерімен жаппай жиналатын жерлерде тәртіп орнату алгоритмін әзірлеу туралы қарастырдық. Онда ондаған мың адам бар", - деді ол. 


Алматы қаласына арналған 2021 жылдың оразасы кестесі

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр