Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер азамат анасының жанында тұрған жеткіншек қызды тонап кеткен (видео)

Алматыда сегіз жасар қызды тонады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы желіде Алматы полиция департаменті басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов мәлімдеді.

Полицияға өрескел қылмыс туралы қыздың анасы хабарлады. Оның айтуынша, қаладағы дәріханалардың бірінде белгісіз ер адам қызының құлағынан сырғасын шешіп алған.

Бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлау фактісін бейнебақылау камералары тіркеді. Видеода қаскүнемнің сырғаны баладан қалай шешіп алып жатқаны көрінеді.

Полиция қызметкерлері фоторобот құрастырып, содан кейін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сол күні қала 1973 жылы туған Қ. есімді қала тұрғыны ұсталды.

Күдікті тонау жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оның бұрын жасаған басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы, 1-бөлігі "Тонау" бойынша қылмыстық іс тергелуде. Алматыда дәріханада ер адамның сегіз жасар қызды тонауы видеоға түсіп қалған

Талқылау