Алматыда белсенді Әлнұр Ильяшев ұсталды
Алматыда белсенді Әлнұр Ильяшев ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде журналист Данияр Молдабеков өзінің Telegram арнасында жазды.

“Әлнұр Ильяшев маған ұсталғанын растады. Қазір оны Алмалы аудандық полиция бөліміне апара жатыр”, – деп жазды журналист сәрсенбіде.
Оның айтуынша, бұл 9 сәуірдегі митингпен байланысты.
- "Бәрі де мүмкін": Қошанов Астанада митинг ұйымдастырған мұнайшылардың артында "біреу тұруы мүмкін" екенін айтады
- "Ұлыңыз қызтекеге үйленсе, бата бересіз бе?" – Ардақ Назаров ЛГБТ насихаттағандарға жол бермеу керектігін айтты
Бұған дейін саясаткер, мәжіліс депутаттығына экс-үміткер Мұхтар Тайжан ұсталғаны белгілі болған. Кейін оның 15 тәулікке қамауға алынғаны хабарланған. Сондай-ақ Оралда журналист Лұқпан Ахмедьяров та ұсталған. Олардың барлығы 9 сәуірде Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауының қорытындысымен келіспейтіндіктерін айтып митингке шыққан.
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы
Ата-ана: "Балабақша қалдырмайды, даярлық сынып қабылдамайды"
"Топыраққа көміп, үстіне хлор төккен": Алматы облысында көз жұмған жігіттің жақындары оның өлімінің мән-жайын айтты
Марқұмның қазасы оның жақындары мен достарына ауыр соққы болған