Мұхтар Тайжан 15 тәулікке қамауға алынды
Саясаткер, мәжіліс депутаттығына экс-кандидат Мұхтар Тайжан 15 тәулікке қамалды деп мәлімдеді қоғам қайраткері, азаматтық белсенді Марат Тұрымбетов. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Мұхтар Тайжанды митинг ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамауға алды", - деп жазды Тұрымбетов өзінің парақшасына сәрсенбіде.
Еске салайық, бұған дейін полицияның Тайжанды үйінен ұстап алып кеткені белгілі болған. Бұл жөнінде "Халық парламенті" өкілінің өзі мәлімдеген.
- "Халық атынан депутат болуға қақыңыз жоқ": Мұхтар Тайжан ұлдары алаяқтықпен сотталған Дайрабаевтың мәжілістен кетуін талап етті
- "Полиция заң аясында әрекет етті": Бас прокуратура Астанада мұнайшылардың жаппай ұсталуына қатысты пікір білдірді
Қоғам белсендісін Қылмыстық кодекстің 488 бабы (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) бойынша ұстаған.
Еске салайық, 9 сәуірде "Халық парламентінің" өкілдері митинг өткізіп, мәжіліс және мәслихатқа өтпей қалған кандидаттар мен өзге де белсенділер сайлау нәтижесін жоюды талап еткен.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді