Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Полиция заң аясында әрекет етті": Бас прокуратура Астанада мұнайшылардың жаппай ұсталуына қатысты пікір білдірді

Астанада жұмыс талап еткен мұнайшылардың жаппай ұсталуына пікір білдірген бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев күш құрылымдарының заңға сәйкес әрекет еткенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Омиралиев

"Полицейлер заң аясында әрекет етті. Біз олардың әрекеттерінен заң бұзушылықты көріп отырған жоқпыз", - деді Өмірәлиев сәрсенбіде журналистердің сауалына жауап беру кезінде.

Ол жаңаөзендік жұмысшылардың мұндай акцияны өткізу кезінде хабарлау тәртібін бұзғанына назар аударып – олар митингі туралы әкімдікке хабарламағанын баса айтқан. Бас прокуратура "Қазмұнайгаз" АҚ мен энергетика министрлігі басшылығының бұрынғы қызметкерлермен кездесуі нәтиже бермеді, өйткені жаңаөзендіктер ұсынылған еңбек шарттарына келіспеді деп санайды. Олар бірдей еңбек жағдайлары мен бірдей жалақысы бар ұқсас компанияларда жұмыс істеуді ұсынған.

"Құқықбұзушылықтың жолын кесу және тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдары атқарушы органдармен бірлесіп, бірнеше рет түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Біз оларға бұл даудың сотқа дейінгі реттеу немесе сот тәртібімен шешілетінін түсіндірдік. Бірақ атқарушы органдардың күштерін ескертпей, наразылық акциясын өткізу жайлы мүлде сөз болмады. Олар сөзімізге құлақ аспады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу үшін наразылық білдірушілерді полиция қызметкерлері полиция бөлімшесіне алып барды. Профилактикалық жұмыстар жүргізілгеннен кейін олардың көпшілігі босатылды. Менің білуімше, олар қазір жолда кетіп бара жатыр", - дейді Өмірәлиев.

Оның айтуынша, ең белсенді бес адам рұқсат етілмеген наразылық акциясына қатысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша жауапқа тартылған. Оларға да ескерту жасалып, босатылды, дейді ол.



Кеше Астана полициясына шамамен 120-126 адам жеткізілген. Сондай-ақ Жаңаөзенде 12 сәуір күні таңертеңнен бері 30-40 адам ұсталған. Бас прокурордың орынбасарының сөзінше, оларды да босатқан. Алайда мұның Астанадағы оқиғаға еш қатысы жоқ, олар дәл жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзғаны үшін ұсталған. Полиция қызметкерлері жұмыс жүргізген соң оларды босатқан, олардың ешқайсысы жауапкершілікке тартылмады, деп сендіреді бас прокуратура өкілі.

Еске салайық, 11 сәуірде Жаңаөзен қаласындағы "БерӘлі Маңғыстау Company" кәсіпорнының жұмыстан қысқарған 82 жұмысшысы 10 сәуірде Астанаға келіп, энергетика министрлігінің алдында түнеп шыққаны белгілі болған. Олар министрліктен жұмыс мәселесін шешуді талап еткен.

Сол күні “ҚазМұнайГаз” мұнайшылармен келіссөз жүргізген. Бірақ екі тарап бір келісімге келе алмаған.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңаөзендік мұнайшылардың Астанада дүрбелең туғызу үшін ереуілге шыққанын айтқан.

11 сәуірде Полиция энергетика министрлігі ғимаратының маңында наразылық білдірушілерді қоршап, барлығын ұстап әкеткен. Сол күні кешке Жаңаөзенде Астанаға барып, наразылық білдірген мұнайшылар қамауға алынған соң әкімдік алдына жиналған халық оларды босатуды талап еткен.

12 сәуір күніне қараған түнде Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылардың өкілдері өздерінің босатылғанын айтып, барлық митингке қатысушылардың Маңғыстауға қайтарылатынын мәлімдеген

12 сәуір күні таңертең Астанада митинг өткізіп, кейін қамауға алынған жаңаөзендік мұнайшылар видео арқылы үндеу жолдап, өздерінің аман екендерін және жолға шығып бара жатқандарын айтқан.

Талқылау