Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Жаңаөзен қызметкерлері босатылып, қалаларына пойызбен қайтарылды

Жаңаөзеннен келген жұмысшылардың талаптарын қарау бойынша жұмыс комиссиясы құрылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жаңаөзенТүсірілімнен скриншот

“ҚазМұнайгаз” баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана полициясы ұстаған "Бералы Маңғыстау Company" экс-қызметкерлері босатылып, Жаңаөзенге пойызбен кеткен.

"ҚМГ байланыс тобы мен "Бералы Маңғыстау Company "өкілдері арасында арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы уағдаластық жасалды, ол бұрынғы қызметкерлердің оларды құқықтық салада одан әрі шешу үшін талаптарын қарайды", – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Аталған комиссияға "Бералы Маңғыстау Company" экс-қызметкерлерінің ішінен 10 өкіл кіреді. Құқықтық тәртіп органдары ұстаған кәсіпорынның қалған экс-қызметкерлері босатылып, Астана уақытымен сағат 08:57-де Жаңаөзенге пойызбен кетті.

Естеріңізге сала кетейік, 10 сәуірде Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдына  "Бералы Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері жиналды. 

11 сәуір күні кешке алаңға жиналған жұмысшыларды Астана полициясы ұстады.

Полицейлер ҚР белгілеген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді немесе өзге де жария іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Талқылау