"Дін аманбыз": Астанада қамаудан босатылған жаңаөзендік мұнайшылардың бейнеүндеуі жарияланды
Астанада митинг өткізіп, кейін қамауға алынған жаңаөзендік мұнайшылар видео арқылы үндеу жолдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша видео Астанадағы темір жол вокзалында түсірілген.
Ер адам өздеіне қолдау көрсеткен әріптестері мен жерлестеріне алғыс айтып, арандатушыларға ермеуге шақырды.
"10 адам келіссөзге қалады. Еш уайымдамаңыздар, жұмыстарыңызды жалғастырыңыздар. Біз дін аманбыз", – деді видеодағы ер адам.
Айта кетейік, бұған дейін мұнайшыларды босатуды талап етіп, әкімдік алдына жиналған халыққа Жаңаөзен әкімі видео үндеу жасаған еді. Өңір басшысы әкімдіктің тұрақты негізде қала аумағында жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар