Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда белгісіз біреулер Қызыл кітапқа енген аққұтанды атып кетті

Ерікті Наталья Сульжик әлеуметтік желідегі парақшасында Сайран су қоймасы аймағында Қызыл кітапқа енген жаралы аққұтан табылғаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин/ instagram.com/dots_foto

Facebook желісінің қолданушысы құсты аман алып қалу үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған.

“Қанаты зақымданған. Кеудесіне оқ тиген. Құсты таксимен “Айболит” ветеринарлық орталыққа апардық. Аяқтары да сынған көрінеді. Оның мұндай халге қалй түскенін білмеймін. Оқ тигенде мейірімді жандардың ауласына құлапты. Олар құсты жылы жерге кіргізіп, маған хабарласты”, – деп жазды Наталья Сульжик.

Алайда еріктілер жойылып бара жатқан аққұтанды құтқарып қала алмағанын айтты. Олар қазақстандықтарды абай болуға, табиғатқа зиян келтірмеуге шақырды.

“Жан-жануарларға зиян тигізбейік. Оны келешек ұрпақ үшін сақтап қалуға тырысайық”, – делінген хабараламада.

Желі қолданушылары бұл аққұтанды Сайран көлінің маңында мекен етіп, балық аулап жүргенін көргенін айтады.

 

Талқылау