Алматы тауларынан ер адамның мәйіті табылды
Алматыда 23 ақпанда Медеу биік таулы сел бөгетінен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: zakon.kz
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, зорлық-зомбылық белгілері жоқ жас жігіттің мәйіті табылған.
“Аталған факті бойынша тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол биіктен құлаған", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше денесі табылған 19 жастағы жігіт Сержан Жәкежан.
"Лидер" еріктілер қозғалысының айтуынша, өлімнің себебін тергеу анықтамайынша жария етілмейді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған