Алматы облысында жоғалған 3 жасар қызды өлтіріп кеткен де шығар – Полиция
Алматы облысының полиция департаменті Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды біреу өлтіріп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер ұсталды.
"Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды", – деді полиция департаментінің өкілдері.
Еске салайық, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында үш жасар Айя София із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүлдіршін 17 наурызда үйінен шығып кеткен, кейін оны ешкім көрмеген. Қыздың анасы полицияға сол күні кешке хабарласқан. Оның айтуынша, бала сағат 16:00-де үйден шығып кеткен.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады