Алматы облысында жезөкшелер клиент тартуға мобильді қосымшаны пайдаланған
Алматы облысында полицейлер жезөкшелер қызмет етіп келген притонды анықтады. Олар клиенттерін мобильді қосымша арқылы тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Жеңіл жүрісті қыздар Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы қонақүйде жезөкшелікпен айналысып келген. Ал притонды ұйымдастырған Қаскелең қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұған қоса, тәртіп сақшылары 31 және 33 жастағы жеңгетайлар мен бірнеше түнгі көбелекті қолға түсірген.
Полицейлер анықтағандай, жезөкшелер клиент тартуға және жарнамаға арнайы құрастырылған мобильді қосымша пайдаланған.
"Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабы 2-бөлімі "Жезөкшелікпен айналысу және притон ұйымдастыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды", – деді ПД өкілдері.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"