Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында монша атын жамылып жұмыс істеген притон анықталды

Алматы облысында монша атын жамылып жұмыс істеген притон анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысы Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық округінде притон карантин кезінде монша атын жамылып жұмыс істеді. Оны 10 наурызда өткен жедел іс-шаралар барысында Алматы облысы криминалдық полиция басқармасы жедел қызметкерлері анықтады.

Монша әкімшісі Алматы қаласының 21 жастағы тұрғыны болған, ол жедел іс-шаралардың деректері көрсеткендей, монша ісін ұйымдастыруға ғана емес, келушілердің бос уақытын өткізуге де жауап берді. Дәлірек айтқанда, әкімші белгілі бір ақшалай сыйақы үшін клиенттерге жеңіл жүрісті қыздарды ұсынуда делдалдық қызметтер көрсеткен.

Бұл мекемеде ережелер нақты белгіленген: күн сайын қыздардың әрқайсысы әкімшіге түскен ақшадан белгілі бір соманы төлеп отырған. Әкімшінің әрекеті жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру және оның ісін жүргізу ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, тексеру барысында интимдік қызмет көрсеткен 22 жастағы алматылық қыз ұсталды. Жезөкше 2018 жылдың сәуірінде қарақшылық жасағаны үшін сотталып, төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.

Аталған факт ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сол сияқты пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлық жасау" бойынша тіркелді.

Талқылау