"Біреулер байлап кеткен": Алматы облысында итті сүйреген жүк көлігінің жүргізушісі өз әрекетін түсіндірді (видео)
Алматы облысы Талғар ауданында полицейлер итті жүк көлігінің артына байлап, сүйреген жүргізушіні анықтап, полиция бөліміне жеткізген. Оқиға 25 қыркүйекте болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көлікке байланған иттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланған. 1980 жылы туған көлік жүргізушісінің сөзінше, жолда көлігінің бұзылуына байланысты тоқтауға мәжбүр болған. Осы кезде белгісіз біреулер итті көліктің артқы жағына байлап кеткен. Мұны тек өзге көліктер белгі берген соң ғана байқаған. Кейін итті босатып жіберген.
Қазір аталған дерек бойынша Талғар аудандық полиция басқармасында бірнеше құқық бұзушылық бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"