Алматы облысында торда отырған қар барысының видеосы желіде қызу талқыға түсті
Алматы облысында тұрғындар әлсіреген қар барысын тауып алған. Кейін торда отырған жануардың видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жазба авторы видеоның Алматы облысында түсірілгенін айтады. Бұған қатысты пікір білдірген Экология министрлігінің баспасөз қызметі әлсіреген қар барысын мал жаю кезінде жергілікті тұрғын тауып алғанын мәлімдеді.
“19 сәуір күні Райымбек ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Сарыбастау кентінің тұрғынынан мал жаю кезінде әлсіреген қар барысы (артқы аяқтарының қозғалыс функциялары бұзылған) кезіккендігі жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторлары, Райымбек ауданы полиция бөлімі қызметкері, табиғат қорғау полициясы барып, акт толтырылды”, – деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі.
Ал 20 сәуірде Қызыл кітапқа енген жануар Алматы хайуанаттар бағына жеткізіліпті.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады