Алматы облысында қуаттағышқа қосылған телефонды пайдаланған 15 жасар қыз көз жұмды
Алматы облысының Қарғалы ауылында 15 жасар қыз ұялы телефонын қуаттап отырып, тоқ соққысынан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 қыркүйекте сағат 22:00 шамасында Жамбыл ауданында болған.
"Электр тогының соғу салдарынан 15 жастағы кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын қаза болды. Алдын ала анықталғандай, қыздың ұялы телефоны электр қуаттағышта болған, сол арқылы қыз электр тогын алған", - деп хабарлады Алматы облысы ПД.
Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бұған дейін оқушы қуаттағышқа қосылған смартфоннан музыка тыңдап жатып көз жұмғаны хабарланды.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"