Алматы облысында сібір жарасын жұқтырғандар саны 11 адамға жетті
Алматы облысының Ұйғыр ауданында сібір жарасының 11 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
9 қыркүйектегі жағдай бойынша сібір жарасы күдігімен 16 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 11-інде диагноз расталды.
“Төртеуінің нәтижесі теріс, тағы бір науқастың анализі нақтыланып жатыр. Науқастардың барлығына қажет ем қабылданып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты", – делінген әкімдіктің хабарламасында.
Үлкен Ақсу ауылында карантин енгізілді. Әкімдік эпидемиологиялық ошақты оқшаулап, инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық шара қабылданғанын айтып отыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да "ауру ушығып жатқан жоқ, жағдай бақылауда" деп атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен 4 адам ауруханаға жеткізілгені айтылды.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген