Алматының блок-бекетіндегі жол апаты: Үшінші қызметкер жансақтау бөлімінен шығарылды
Алматыдағы блок-бекетте болған көлік апатының салдарынан ауыр жарақат алған есірткі бизнесінен қарсы басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым жансақтау бөлімінен шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы жақсарып келеді. Жансақтау бөлімінен профильді нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Емдеу жалғасады. Денсаулығын қайта қалпына келтіру мен оңалту басталды",– дейді нейрохирург Александр Романчик.
Еске салайық, 25 мамыр күні мас жүргізушісі блок-бекетті бұзып өтіп, онда тұрған полиция қызметкерлерінің көлігіне соғылған еді. Салдарынан екі тәртіп сақшысы қаза болып, тағы бір қызметкер ауыр жарақат алған болатын. Үшінші қызметкердің басына ауыр зақым келгендіктен оған екі ота жасалыпты.
Кінәлі азаматтың да полицей екені анықталыпты. Бұл туралы оның әкесі баяндап берді.
Алматыда ауруханада жатқан сақшының халін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі келіп білген еді.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін