"Алладиндей ұшырайын деді ме": Сәкен Майғазиевтің келіні кілемде отырып ұзатылды (видео)

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет қалыңдығын Ақтаудан Алматыға ұзатып әкелді. Алайда қалыңдықтың кілемге отырып ұзатылғаны желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалыңдық туғандарымен қоштасып болған соң ақ кілемге жайғасты. Кілемнің төрт жағынан төрт жігіт ұстап, көтеріп, қалыңдықты көлікке дейін шығарып салды.
Жас келіннің кілемге отырып, ұясынан ұшқанын бірі жаман ырым деп топшыласа, енді бірі мұндай салттың жоғын айтып, жарысты.
“Келінді Алладиндей ұшырайын деді ме”, “Жасым 65-те, мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Екі жас қол ұстасып шықса керемет болар еді”, “Жаман ырым сияқты. Адам қайты болғанда кілемге орап, төрт адам көтермей ме?”, “О заманда, бұ заман, тірі адамды кілемге отырығызып шығарғаны несі”, “Оңаш көрінеді екен”, – деп жазды желідегілер.
Бұған дейін Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирде өткізетінін айтқан еді.
@xan_imperial_akta ♬ оригинальный звук - XAN IMPERIAL AKTAU👑
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті