Алексей Цой "QazVac" вакцинасының екінші дозасын салдырды
ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын алды. Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"QazVac-тың екінші екпесін алдым. Бірінші дозасы секілді қазір де көңіл-күйім жақсы. Ешқандай реакция жоқ. Вакцина – пандемиядан шығудың жалғыз тиімді құралы. Аман-сау болыңыздар! Өздеріңізді қорғаңыздар!", - деп жазды министр.
Еске сала кетсек, 26 сәуірде Алексей Цой алғашқылардың бірі болып "QazVac" вакцинасын салдырды.
"Жүрек тұсынан электрошокермен ұрып өлтірген": ҚазҰУ жатақханасында қаза тапқан студенттің туыстары оқиға туралы айтып берді
Туысы мәйітхана қызметкерлері Дауылдың өліміне жүрек тұсына тиген қатты соққы себеп болғанын айтқанын жеткізді
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген