Алексей Цой тікелей эфирде отандық вакцинаны салдырады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тікелей эфирде коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-In вакцинасын салдырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
26 сәуірде Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында шығарылған және өңірлер бойынша 50 мың доза мөлшерінде бөлінетін QazCovid-in (QAZVAC) қазақстандық вакцинасымен вакцинация басталады.
"Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып КВИ-ге отандық QAZVAC вакцинасымен екпе алады. Қазақстандық денсаулық сақтау министрлігі басшысының вакцинациялау рәсімін ертең, 26 сәуірде, таңғы сағат 08:45-те Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінде және ведомствоның Facebook-тегі ресми аккаунты арқылы көруге болады", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған