Александр Герлиц Паралимпиада ойындарында қола медаль жеңді
Қазақстандық спортшы Александр Герлиц Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қола медаль жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

10 шақырымға биатлон жарысына қатысқан Герлиц нысананы көздеп ату кезінде үш рет мүлт кетті. Ал уақыт бойынша жеңімпаздан бір жарым минутқа кеш келді.
Жарысты канадалық Марк Арендц 31 минут және 45,2 секунд уақытпен жеңіске жетті. Ал украиналық Григорий Вовчинский күміс медаль иеленді.
Александр Герлиц Бейжіңдегі Олимпиада ойындарындағы алғашқы медальдің иегері атанды. Командалық есеп бойынша еліміз 17-орында тұр. Ал бірінші орынға Қытай (8-8-10) жайғасқан.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды