"Алаяқтықтың жаңа түрі": Желіде тұрғын алматылықтарды көшеде қара жәшік ұсынған қыздардан сақ болуға шақырды
Желіде алматылық тұрғынның қалада жаңа алаяқтық түрі пайда болғаны туралы ескерту видеосы тарады. Айтуынша, көшеде қара жәшік ұсынатын қыздардан сақ болған жөн. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видео кадрларынан
Тұрғынның айтуынша оқиға “Арбат” жақта қызы мен құрбысымен қыдырып жүрген кезде болған.
“Сол жерде жанымызға бізге жасы 18-19 шамасында қолында қара жәшігі бар бір қыз келді. Қандай да бір эксперимент туралы айтты. Егер оған 40 мың теңге төлесек, жәшіктің бәрін бізге беретінін, ал жәшікте “Apple” компаниясының өнімдері бар екенін жеткізді. Құлаққап, сағат, болмаса планшет болуы мүмкін деді. Осылайша бұл 40 мың теңге түгелдей ақталатынын алға тартты. Мен бұл күмәнді ұсыныстан бас тарттым. Алайда құрбым тәуекел еткісі келетінін айтты. Оған жәшік ішінде не бар екені қызық болды. Ол 40 мың теңгені жаңағы қызға аударып жіберді”, – деді тұрғын.
Кейін жәшікті ашқанында ішінде AirPods құлаққабының 3 буыны, Вunker ойыны, жалғаушы сымдар мен қытайлық қуаттағыш құрылғы болған.
“Мен AirPods-ты сайт арқылы тексеру керек екенін айттым. Құрбым сыртындағы жапсырмасы арқылы қарап еді, сайт түпнұсқа екенін көрсетті. Кейін біз ЦУМ сауда орталығына бардық. Онда біз құлаққапты көрсетіп, сатсақ қанша тұратынын сұрадық. Ал олар бізге мұның жасанды құрылғы екенін 6-7 мың теңге тұратынын айтты. Кейін құрбым OLX қолданбасына кіріп, бағасын көргісі келді. Онда мұндай жалған түпнұсқалық жапсырмалары бар жасанды құрылғылар өте көп екен. Және олардың бағасы 65-70 мың теңгеден тұр. Сатылымда тұрғандардың кодтарының бәрі бірдей, бәріне бір жалған жапсырманы қолданған”, – деп қосты ол.
Тұрғын алматылықтарды сақ болуға шақырды.
“Адамдардың 95 пайызы бұл ақпаратты білмеуі мүмкін. Көшедегі мұндай адамдарға сенбеңіздер! Мұның барлығы жалған, алдау. Жап-жас, әдемі қыздардың осылай адамдарды алдап жүргені өкінішті. Өміріндегі алғашқы қадамдарын алаяқтықпен айналысып, бастап отыр. 40 мың теңге әрине үлкен сома емес. Бірақ алдау дұрыс емес нәрсе”, – деп қорытты ол.
@al_artunyan и не говорите «без лоха-жизнь плоха», потому что мы знаем😂
♬ оригінальний звук - Music Lover