Алаяқтық жасады деп айыпталған бірнеше микроқаржылық ұйымдардың лицензиясы тоқтатылды

Фото: Stan.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрт бірдей микроқаржылық ұйымның лицензияларын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын келесі ұйымдардың лицензияларын 3 ай мерзімге тоқтатты:
- МҚҰ "Hava Finance" (Хава Финанс)" ЖШС - №35 бұйрық;
- "МҚҰ "POS Credit" (ПОС Кредит)" ЖШС - №36 бұйрық;
- "МҚҰ "SF Offline" (СФ Оффлайн)" ЖШС - №37 бұйрық;
- "МҚҰ "Салем Кредит" ЖШС - №38 бұйрық.
“Микроқаржылық қызмет туралы" заңының 16-бабы 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес лицензияның қолданылуын тоқтатуға пруденциалдық нормативтер және өзге де міндетті нормалар мен лимиттерді бұзу негіз болды”, – деп хабарлады агенттік.
Енді микроқаржылық ұйымдар жаңа микрокредиттер бере алмайды, қолданыстағы шарттардың мерзімін ұзарта алмайды немесе борышкерлерге жүктемені арттыра алмайды. Алайда олар клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін орындауға міндетті.
Агенттік микроқаржылық ұйымдар алдында берешегі бар азаматтардың микрокредиттерін өтеуді жалғастыруы тиіс екені атап өтті.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған