Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі адам өлімі: Әкімдік күзетшісінің өз-өзіне қол салғаны белгілі болды

Ақтөбе әкімдігінің күзетшісі өзіне қол салған болып шықты. Марқұмның денесі 8 қаңтар күні әкімдік ғимаратынан табылған болатын, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған күзет қызметінің инспекторы Байбек Қарымсақов жұмыс уақытында өз-өзіне қол жұмсады.

Ол қызметтік тапаншасымен басынан атқан. Ақтөбе қалалық əкімдігіндегі оқиға кеше кешкісін тіркелді. Жұмыс уақытында күзет қызметкері тапаншасымен өзін басынан атқан. 35 жастағы қызметкер оқиға орнында қаза болды.

«Байбек Қарымсақов 7 жылдан бері күзетте жұмыс істейді. Оның екі баласы бар, əйелі үшіншісіне жүкті. Кіші лейтенант Ырғыз ауданының тумасы»,- деді Ақтөбе облыстық мамандандырылған күзет басқармасының орынбасары Руслан Маханов.

Айта кетейік, марқұмның денесі 8 қаңтар күні әкімдік ғимаратынан табылған болатын.

Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Күзет қызметкері ПМ-9мм қаруын қолданған.

Тағы да оқыңыз:

Түрмеде көз жұмған ер адам мәйітханада тіріліп кетті

Балалар үйінің қызметкерлері 118 баланы жасырын зорлап келген (фото)

Зейнетақы қорындағы ақшаны үш жағдайда алуға болады

Талқылау