Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 10 жастағы мектеп оқушысы жедел жәрдемді күтпестен сабақ үстінде қайтыс болды

Ақтөбе қаласындағы № 38 мектепте оқитын 10 жастағы мектеп оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды.

Ақтөбеде 10 жастағы мектеп оқушысы жедел жәрдемді күтпестен сабақ үстінде қайтыс болды

Бұл туралы Диапазон хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

10 жастағы қыздың жағдайы сабақ кезінде нашарлаған. Сол уақытта мұғалімдер «жедел жәрдем» қызметіне 18 рет хабарласып, дәрігерлерді шақырта алмаған.

Жағдайы нашарлаған балаға медбике алғашқы көмек көрсетуге тырысқан екен. Дегенмен, сол уақыт ішінде қыздың анасы мектепке келіп үлгерген. Дәрігерлерді күтемін деп жанынан безген мұғалімдер көшеден жедел жәрдем көлігін тоқтатып алған. Қызды ауруханаға әкелгенде, 10 жасар оқушы ол уақыта қайтыс болып кеткен екен.

Мұғалімдердің айтуынша,  қыздың гемоглобині төмен болып, ауырған. Ол үйде де есінен танып қалған екен. Бірақ жасөсіпірімнің ауыратыны туралы нақты диагноз болмаған. Ол жақында ғана медициналық тексеруден өткен және оның денсаулығына қатысты күдікті ештеңе байқалмаған.

Алайда, анасы қызының денсаулығы сау екенін айтады.

10 жастағы қыздың күтпеген жерден қайтыс болу себебін анықтайтын медициналық тексерудің нәтижелері бір айдан кейін  дайын болады.

Тағы да оқыңыз:

Ақтауда ұйқылы ояу болған төрт жасар сәби бесінші қабаттан құлап кетті

Алматыда автобус бойжеткенді қағып өлтірді (видео)

Алматыда көз жұмған оқушы өлерінен бір күн бұрын ермексаздан ажал белгісін жасаған

Қазақстандықтарға шетелден төмен пайызбен несие ұсынатын алаяқтар пайда болды

Талқылау