Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда ұйқылы ояу болған төрт жасар сәби бесінші қабаттан құлап кетті

Ақтау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде төрт жасар сәби бесінші қабаттан құлап кетті.

Ақтауда ұйқылы ояу болған төрт жасар сәби бесінші қабаттан құлап кетті

Бұл туралы lada.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оқыс оқиға 17 сәуірде Ақтау қаласындағы 31А шағын ауданындағы №4 үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінде болды. Биіктіктен құлаған төрт жасар бала травматология орталығына  жатқызылды.

Оқиға орнына шақыртылған жедел жәрдем тобы  төрт жасар баланы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне әкелді.

18 сәуір күні таңертең жансақтау  бөлімінде жатқан бала травматология бөліміне ауыстырылды.

Бейресми дереккөзге сәйкес, оқиға болған кезде баланың анасы жұмыста болған, ал әкесі үлкен ұлын мектепке алып кеткен. Сол уақытта пәтерде жалғыз өзі қалған төрт жасар сәби ұйықтап жатқан екен.

Ол ұйқыдан оянғаннан кейін, осы оқыс оқиға орын алды. Ұйқылы ояу бала бесқабатты пәтердің күнқағарына құлап кеткен. Дәрігерлер келгенге дейін пәтер тұрғындары баланы құлаған жерден алып шықты.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда автобус бойжеткенді қағып өлтірді (видео)

Алматыда көз жұмған оқушы өлерінен бір күн бұрын ермексаздан ажал белгісін жасаған

Қазақстандықтарға шетелден төмен пайызбен несие ұсынатын алаяқтар пайда болды

Қайрат Нұртастың тойдағы биі көпшілікке ұнап қалды (видео)

 

 

 

Талқылау