Қазақстандықтарға шетелден төмен пайызбен несие ұсынатын алаяқтар пайда болды

Заңсыз әрекет етушілер арам ойларын мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асыруды көздейді. Яғни, түрлі министрліктердің атын жамылып, Сіз туралы деректерді сол мекемелерден алғандығын алға тартады.

Алдымен, осылайша сенімге кіріп алып, теріс пиғылдарын жүзеге асырады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жансая Алтынбаева жуырда ғана жеке кәсіпкер атанған. Сұлулық салонын ашып, бизнеске қадам басқан. Қолға алған ісін болашақта одан әрі кеңейтуді көздейді. Дәл осындай тәтті арман жетегінде жүргенде базбіреулер оған ойда-жоқта екі пайызбен несие ұсынады. Мұндай хабарлама оның электронды поштасына АҚШ-тың Флорида штатынан келіпті.

«Қандай сомада ақша керек болса, сондай сомада ақша береміз, бірақ 2 процентпен деген. Ол үшін тек маған келген хат бойынша бланкті толтырып қайта өздеріне жіберу керек делінген. Соңғы жауабым жоқ деп жауап бердім. Өйткені, мен көп адамдардан консультация алдым. Олар алаяқтар деген соң, мен отказ жасадым» – дейді қала тұрғыны Жансая Алтынбаева.

Оңай жолмен несие ұсынушылар Жансая жайлы мәліметтерді Инвестиция және даму министрлігінен алғандығын айтқан. Алайда, министрлік өкілдері оны жоққа шығарады. Әрі азаматтар жайлы деректерді таратуға құқымыз да, ешқандай қажеттілік те жоқ, деп отыр.

«Министрліктер мен жалпы мемлекеттік органдар жеке азаматтар жайында ешқандай мәлімет ала алмайды да, жарияламайды да. Туындаған сұрақтары болса, ол осы туындайтын мәселесін қадағалайтын мемелкеттік органның блогы, басшысына хат жазып, телефон соғып, жүгіне алады. Біз ондай ақпаратты таратқан емеспіз» – дейді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бас сарапшысы Сара Құрманғожина.

Ал, заңгерлердің айтуынша бұл таза алаяқтықтың көрінісі. Адамдарға оңай жолмен олжа ұсынып, солардың есебінен пайда табуды көздейтіндер сенімге кіру үшін әдетте жауапты органдардың атын жамылады. Мұндай жағдайға тап болмау үшін келген хабарламаларға жауап бермеу керектігін алға тартып, әрі құқық қорғау органдарына шағымдануға кеңес береді.

«Біз өзімізді өзіміз ғаламтор арқылы өзіміздің тұрмыс жайымызды және өзге де ақпараттарды ашып беріп отырмыз алаяқтарға. Сондықтан, ақпарат министрлігі деректерді берді деп айтуы алаяқтардың жалпы айтқанда адамдарды өзіне сендіру» – дейді заңгер Жандос Тұяқов.

Алаяқтық ол интеллектуалдық қылмыс саналады. Оған баратындардың көзі ашық, қоғамдағы жаңалық пен өзгерістің баршасынан хабардар болады. Ал жаңа технологиялар дамыған сайын, алаяқтардың әдіс-тәсілдері де өзгеріп отырады. Өйткені, әлеуметтік желілер арқылы кімнің немен айналысатынын аңғару қиын емес. Сондықтан, мамандар тұрғындарды түрлі желілерде өздері жайлы ақпараттарды толық жарияламауға шақырады.

Тағы да оқыңыз:

Қайрат Нұртастың тойдағы биі көпшілікке ұнап қалды (видео)

Бүгінде актер, режиссер әрі продюсер: Шымкентте жетімдер үйінде өскен бала Голливудты қалай бағындырды

Алматы облысының екі тұрғыны құлағы мен мұрнына ота жасатамыз деп дәрігерлерден опық жеп отыр

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр