Алматыда автобус бойжеткенді қағып өлтірді (видео)
Алматыда маршрутты автобус бойжеткенді қағып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Төле би мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында болды. 126-автобустың алдынан бойжеткен ойда жоқта шыға келген. Жүргізуші тежегішті басып үлгермепті, деп хабарлайды Sputnik.

Оқиға орнына жедел жәрде қызметі келді. Алайда дәрігерлер қызды құтқара алмады. Марқұм қыз 1994 жылы туған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Видеодан бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан автобустың жылдамдығын арттырып өтпек болғаны байқалады. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жүруге бет алған қызды автобус қағып, ұшырып жіберді.
Ескерту! Видеоны жүрегі әлсіз адамдардың көруіне болмайды!
Тағы да оқыңыз:
Алматыда көз жұмған оқушы өлерінен бір күн бұрын ермексаздан ажал белгісін жасаған
Қазақстандықтарға шетелден төмен пайызбен несие ұсынатын алаяқтар пайда болды
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"