Ақтөбе облысында мас тракторшы әйелді екі рет басып өлтірген
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының шаруа қожалығында мас адам трактор айдап, жерде жатқан әйелді екі рет басып өткен. Ол алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

37 жастағы кіші қызметкер трактор рөлін басқарып, әріптес әйелмен бірге азық-түлік пен алкоголь алуға барған.
Қайтар жолда олар алкоголь ішкен. Шаруа қожалығына келгеннен кейін олар ұрысып қалған. Әйел шығып, жерге жатып алған, ал трактор жүргізушісі оны айналып өту үшін артқа жүрмек болып, бірақ алға қарай жүріп, жатқан әйелді алдыңғы дөңгелегімен мыжып кеткен. Осыдан кейін мас адам артқы жылдамдықты қосып, жәбірленушіні тағы бір рет басып өтті. Оның қабырғасы сынып, бауырынан қан кетіп, жарылған. Тағы да жарақаттар алып, ол көз жұмды.
Ер адамға көлік жүргізуге болмайтын, өйткені ол 2021 жылы жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.
Сот ер адамды алты жылға бас бостандығынан айырды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған