Ақтөбе облысында 10 жасар қыз көліктің ішінде тірідей өртеніп кетті
Ақтөбе облысында 10 жасар қыз отырған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Nova24
Қайғылы оқиға 27 тамызда Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң ауылында болды.
“Аулада тұрған ВАЗ автокөлігінің өздігінен жанғаны байқалды. Бұл көрші үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Көлік ішінде 10 жасар қыз болған. Ол қаза болды. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр”, – деп хабарлады полиция.
Баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажет сараптамалар тағайындалды.
Еске салсақ, дәл сол күні Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасы көз жұмды.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген