Жетісу облысында жүк көліктері соқтығысып, 16 көлік жанып кетті
23 тамызда "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолының 278 -шақырымында жол апатынан 16 көлік жанып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кешкі 18:15 шамасында болған. Екі жүк көлігі соғылып, 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған.
"Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт сөндіріп жатыр. Оқиға себебі анықталып жатыр", – деді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл соңғы үш күнде адам өлімімен аяқталған 4-жол көлік оқиғасы.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды