Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасы көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасы көз жұмды. Аман қалған жүргізуші жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды
Апат Қобда ауданындағы Әлия ауылының маңында болды. Фольксваген тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Мерседес жүк көлігімен соқтығысқан.
Салонда жүргізушінің анасы мен өгей әкесі, ағасының екі баласы мен туған бауыры болыпты. Олар сол жерде қаза тапты. Ал ауыр жараланған бес жасар бала дереу ауруханаға жеткізілгенімен, оны да аман алып қалу мүмкін болмады.
"Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Бес жолаушы қайтыс болды. Үшеуі – кәмелетке толмаған балалар. Барлығы тумалар болып келеді”, – деді Ақтөбе облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге