Ақтауда балабақшада 1 жасар бала көз жұмды
2018 жылы туған бала жеке балабақшада көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баланың өлімің себептері белгісіз. Ақтау қаласында қайғылы оқиға тіркелді.
Қайғылы оқиға 6 желтоқсанда түскі уақытта болған. Нәресте 27 шағын ауданда орналасқан жеке балабақшада күтушімен отырғанда қайтыс болды.
Баланың қайтыс болу себептері белгісіз. Бүлдіршін болжам бойынша аллергиялық аурудан көз жұмған.
«Оқиға фактісі Ақтау ПБ-нің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 001-бабы бойынша (Адам өлімі) тіркелді», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады