Ақтауда анасы өзін аяусыз балағаттап тастаған туған ұлын сотқа берді
Ақтауда өзін балағаттағаны үшін анасы баласын сотқа берді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Сот отырысы барысында белгілі болғандай, алкогольді мас күйде болған Т. отбасылық жанжал шығарып, анасына бейәдеп сөздер айтып, тыныштықты бұзады.
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Алайда екі жақтың келісімі бойынша ол жауапкершіліктен құтылды. Ымыраға келуді медиатор ұйымдастырған.
“Сот үкімімен азамат Т. әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Әкімшілік құқық бұзушылық негізінде қозғалған іс тоқтатылды”, – делінген хабарламада.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады