АҚШ коронавирустан болған өлім санынан тағы да рекорд орнатты
АҚШ-та бір тәулік ішінде коронавирустан 1736 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл - елдегі індет басталған сәттен бастап тәулік ішіндегі тіркелген өлімнің ең жоғары көрсеткіші.
Коронавирусты өлім-жітімнің алдыңғы рекордтық саны 4 сәуірде тіркелді, ол кезде 1334 адам көз жұмды.
Ең көп өлім саны Нью-Йорк қаласында - 4 009 өлім. Қала АҚШ-тағы коронавирус індетінің эпицентрі болып саналады.
АҚШ-та COVID-19 жұқтыру оқиғаларының саны 400 мыңға жақындады, 22 мыңға жуық адам коронавирустан айықты.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?