Жеңіліп қалған: Ақсайда ер адам букмекер кеңсесін өртеп жібермек болған
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері букмекер кеңсесіндегі өрттің алдын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақсай қаласының тұрғыны қылмыс үстінде ұсталды. Оқиға Железнодорожная көшесінде болған.
Букмекер кеңсесінің қонағы ашуға булығып, кеңсе қызметкерінен ақшасын қайтаруды талап еткен. Қызметкер бас тартқандықтан, ер адам мекемеден шығып кеткен. Тез жанғыш сұйықтық құйылған ыдысты алып, кеңсеге шаша бастайды. Мұны көрген жақын маңдағы полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, қайғылы оқиғаның алдын алды. Аталмыш дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293 бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"