Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында парамен ұсталған лауазымды шенді айыппұл төлеп жазадан сытылмақ

Түбеков түрмеге тоғытылмайды! Ақмола облысында Атбасар аудандық Ішкі істер бөлімінің бұрынғы бастығы  Шамсиддин Түбеков абақтыдан айыппұл төлеп құтылмақ. Шенді полицей былтыр қазан айында пара алып жатқан жерінде ұсталған болатын, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: КТК/Скриншот

Ол астық қабылдау пунктінің директорынан 400 мың теңге ауызбастырық сұратыпты. Сол үшін «Лана» астық қабылдау мекемесінің директоры Шайкенов мырзаға «Көші қон» заңын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғамауға уәде берген. Сот ауданның бас полицейіне мемлекетке 23 миллион теңге қайтару жазасын белгіледі. Сөйтіп, 4 ай бойы тергеу абақтысында жатқан Түбеков сот залынан бостандыққа жіберілді. Сондай-ақ оны өмір бойы мемлекеттік органдарда қызмет істеу құқығынан және полиция подполковнигі шенінен айырды. Пара беруші де сытылып кете алған жоқ. Қамба директоры Ермек Шәйкенов мемлекетке 12 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Оқи отырыңыз:

Қостанайда қызыл империяны аңсаған жастардың шеруі үлкен дауға ұласты

Егіз балаларын өлтіргені үшін сотталған ерлі-зайыптының ұлдарының тағдыры белгілі болды

Астанада қаруланған полицейлер қаладан шыққан көліктерді тексеріп жатыр

Мәскеу облысында мәйіті табылған 3 қазақстандық туралы жаңа деректер шықты

Талқылау