Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеу облысында мәйіті табылған 3 қазақстандық туралы жаңа деректер шықты

Мәскеу облысында жүк көлігінің кабинасынан денесі табылған Қазақстан азаматтары туралы жаңа деректер шықты. Қайтыс болғандардың туыстарына оқиға туралы хабар берілген.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат аагенттігі хабарлайды, ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар 1965, 1968 және 1971 жылғы Қостанай облысының тұрғындары болып шықты.

«Қазақстанның Ресейдегі елшілігі консульдік-құқықтық көмек көрсетеді, соның ішінде қайтыс болғандардың денесін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастыруға жәрдем береді», – дейді СІМ баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік,Мәскеу облысында жүк көлігінен Қазақстанның 3 азаматының денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар газдан уланып қайтыс болған.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да ауыл имамы уағыз арқылы терроризмді насихаттап келген

Ауыл әкімі соққыға жыққан баланың анасы мән-жайды түсіндіріп берді

Астанада дәрігерлердің салғырттығынан жүкті әйел қайтыс болды

Науқас қызға бүйрегін берген Оралдық жігіт жұмысқа орналаса алмай жүр

 

Талқылау