Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда қызыл империяны аңсаған жастардың шеруі үлкен дауға ұласты

Қостанайлық студенттер Қызыл әскердің 100 жылдығын тойлап жүргенін әкімдіктегілер білмей қалыпты. Сынның астында қалған билік бүгін осылай ақталып жатыр. Жергілікті Наша газетінің жазуынша, колледждерде оқитын жастар Коммунистік халықтық партиясының мүшелеріне еріп, қаладағы Лениннің және тағы бірнеше ескерткішке гүл шоғын қойған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Тіпті, қызыл әскердің құрметіне қолдарына қызыл ту ұстап, қызыл кеудеше киген студенттер саппен жүріп өтіпті. Негізі «Қызыл империяны» жатса тұрса аңсайтын коммунистер сол кездегі мерекелерді қолдап, тұрақты марш, митинг ұйымдастырып тұрады. Ал биыл қатарларына жастарды қосқан. Қосып қана қоймай, біразының саяси көзқарасын өзгертіп те үлгерген сыңайлы. Өйткені, шараға қатысқан студенттер жергілікті басылымға Кеңес үкіметі кезінде жағдай қазіргіден де жақсы болған деп жарыса сұқбат берген. Ал тендерді ғана аңдып отыратын шененуіктер, иектерінің астында болып жатқан бұл саяси шеруден мүлдем хабарсыз.

«Заң бойныша, митинг, акция, флешмобтар өткізу үшін алдын ала әкімдіктен рұқсат керек. Бірақ, бізге ондай хат келмеді. 23-ақпанның Тәуелсіз еліміз үшін еш қатысы жоқ, мереке емес. Біз сол жиынға қатысқан жастармен кездесіп, оларды сабақтан кім жібергенін, кім жинағанын тексереміз, сөйлесеміз», – дейді Қостанай қалалық Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Саят Шаймұрынов.

Оқи отырыңыз:

Егіз балаларын өлтіргені үшін сотталған ерлі-зайыптының ұлдарының тағдыры белгілі болды

Астанада қаруланған полицейлер қаладан шыққан көліктерді тексеріп жатыр

Мәскеу облысында мәйіті табылған 3 қазақстандық туралы жаңа деректер шықты

ОҚО-да ауыл имамы уағыз арқылы терроризмді насихаттап келген

Талқылау