Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ҰБТ-ға ағасы талапкердің орнына кірмек болған

Ақмола облысында ҰБТ-ға талапкердің орнына оның ағасы кірмек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҰБТ

Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

"Талапкерлерді тестілеуге жіберу кезінде біз бөтен тұлғаны да анықтадық. Тестілеуден өтер алдында түлектердің қолында рұқсат қағазы және сәйкестендіру үшін жеке куәлігі болуы тиіс. Алайда, мектеп түлегі ретінде көрінген жас жігіт екі жеке куәлікпен келді. Кейінірек белгілі болғандай, ол інісінің орнына тест тапсыруға тырысты. Осы факті бойынша тиісті акт жасалды", - деп атап өтті "Ақмола - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі, жұмыс тобының мүшесі Самира Тайтенова.

Мониторинг барысында 9 талапкер ҰБТ-ға жіберілмеді, тағы үшеуі аудиториядан шығарылыпты. Мұндағы басты себеп – талапкерлер тыйым салынған заттарды алып өтуге және қолдануға тырысқан, ҰБТ өткізу ережелерін бұзғаны.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр