Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында көлікпен итті басып кеткен депутатқа 18 мың теңге айыппұл салынды

Адамдардың көзінше жатқан итті көлікпен басып кеткен Amanat партиясының депутаты Қайрат Ауғалиев жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Болған жағдай туралы партияның республикалық экологиялық кеңесінің мүшесі Сергей Снегирев баяндады. Оның айтуынша, оқиға 3 мамыр күні таңертең жұмыс тұрағында болған.

“Ит көлік жүретін жолда жатты, ал депутат итті қорқытпайын деп ойлап, жай ғана үстінен басып өткен. Ит ешқайда қашуға тырыспаған. Өйткені мұнда оны адамдар ұжым болып тамақтандырады, тиіспейді. Сол себепті ол тұрақтағы көліктерден де сескенбеген. Депутаттың әріптестері көпшіліктен оқиғаға назар аударуын және итті өлтірген шенеуніктің әрекетіне құқықтық баға беруді сұрайды. Ит өліп қалды”, – деді Сергей Снегирёв.

Оның айтуынша, депутат иттің жарақат алғанына қарамастан көлігінен түсіп, ары қарай жұмысына кете барды.

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

“Зеренді аудандық полиция бөлімі тексеру жүргізді. Тексеру барысында полицейлер жануарға қатыгездік көрсеткен жүргізушіні жауапкершілікке тартты”, – деп мәлімдеді полиция.

Депутат Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 407-бабы бойынша жауапқа тартылды ("Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу"). Шенеунікке 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Талқылау