Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 85 жастағы зейнеткер ауылдасының үйін өртеп жіберді деген күдікке ілінді

Ақмола облысында 85 жастағы зейнеткер ауылдасының үйін өртеп жіберді деген күдікке ілінді. Қазір қарт адамның әрекетінің себебі анықталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

15 шілдеде сағат 23:00 шамасында Зеренді полиция бөліміне 47 жастағы жергілікті тұрғын қоңырау шалып, жеке үйінің өртенгені туралы хабарлады. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы мен өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері келді. Құтқарушылар жеке тұрғын үйдің кіреберіс есігіндегі өртті сөндірген. 



Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер өрт қоюға қатысы бар күдіктіні анықтады. Ол 85 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қарт адамның әрекетінің себебі анықталуда. Аталған факті бойынша Зеренді аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігі "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Қазіргі таңда зейнеткерді сот-психиатриялық сараптамадан өтуге жіберу мәселесі шешілуде.

Талқылау